Sayaç
free counters

«Қара қантар» көрмесі Астанада

Кеше Астанада Бірінші Президенттің мұражайында бауырлас Әзірбайджан бостандық күресіне арнап «Қара қантар» (Qara Yanvar) фотокөрмесі ашылды.
27 жыл бұрын 1990 жылғы қаңтардың 20-сы Әзербайжан Республикасының тарихында ел халқының тәуелсіздік үшін күресінің ерлік парағы ретінде есте қалған.
Осы күнде салдарынан Баку мен Республика аудандарында совет армиясы 133 адамды өлтірді, 744 адамды жараланды, 841 адам заңсыз тұтқындалып, 5 адам із-түссіз жоғалып кетті. Қызыл әскерлер 200 үй мен пәтерді, 80 көлікті өртеп жіберді, 6 миллион рубльдің мемлекеттік мүлігі мен жеке меншік мүлігі жойылды. Өлтірілгендердің арасында әйелдер, балалар мен қарттар, жәдел жәрдем және милиция қызметкерлері де болған.
Бұл күн, 20-ші қантар Әзірбайжанда бүкілхалықтық аза тұту — әміршіл-өктемшіл жүйе салдарынан қаза тапқандарды еске алу күні деп қабылданған.
Халықаралық Түркі академия Президенті Дархан ҚЫДЫРӘЛИ Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған көрмеге барып, тариxтың тағылымды беттеріне тағы бір үңілдеп, азаттық құрбандары алдында тағзым етті.

«Қара қантар» көрмесі Астанада

Leave a Reply